Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жастағы қазақстандық қыз бала “Барбимен” келісімшартқа отырды

10 жастағы Софи Манасян танымал Mattel (Barbie) деп аталатын компаниямен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Ол бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі кастингтен өтіп, Лос-Анджелестегі “Barbie” теле-шоуының продюсерлерін дарынымен тамсандырды. Шоудың нақты аты әзірге белгісіз, ол 2018 жылдың желтоқсан айында көрсетіледі деп жоспарлануда.

“Мен қатты уайымдадым және мақтандым. Себебі, ол жай ғана жарнама емес қой. Бұл видеолардың топтамасында Софи күллі бағдарламаны жүргізеді. Ойларымен, әсерлерімен бөліседі. Ол ағылшын тілін жаттап алса да, бәрібір толқисың, бірақ бұл керемет. Софи басында “Барби балаларының” образына келетініне сенбеді. Бірақ осы жағдай арман мен сенімнің арқасында ғажайыптың орын алатынын көрсетті”, — дейді Софидің анасы, Ольга.

Алғашқы күні қазақстандық қызға жұмыс істеу сәл қиынға соқса да, ол іс-әрекеттерімен, мінезімен шетелдіктердің ыстық ықыласына бөленген

“Басында өте қиын болды. Әсіресе бірінші күні. Барлық назар Софиге аударылды. Перденің артында “тапсырыс берушілердің” тобы отырды. Олар барлық ескертулерді рация арқылы хабарлайды, барлығы ағылшын тілінде. Софи өз-өзін ұстай білді. Барлық жағдайдан шығып, тез ойланып, тез түсінді. Оның үстіне, өзі рахаттанды. Бірінші дульден соң перденің артында барлығы Софиге шапалақтады! Сосын жұмыс ойдағыдай жеңіл әрі оңай жасалды! Софи қалжындағанды, адамдарды күлдірткенді жақсы көреді”, — дейді Ольга Манасян.

Шетелде жүріп, бірнеше танымал бағдарламаға қатысқан Софи Манасян түсірілімнен ләззат алатынын, осындай бағдарламаның бөлшегі болғанына қуанатынын жасырмайды.

“Маған бәрінен түсірілім алаңында Барбидің жеке стилисті, шаштаразшысы болғаны ұнады. “Шашын түзеңдер” деп айтқанда менің және Барбидің стилисті “Нақты кімнің шашын?”, деп сұрайтын. Бұл күлкілі болды. Жұмысты көңілдірек жасауым үшін маған алаңға кез келген жеңіл тамақтарды алып келеді. Ойыншықтарымды грим жасайтын бөлмеден алып келетін, түскі асқа тапсырыстарымды қабылдайтын арнайы адам бар.

Басында қорқынышты көрінетін. Бірақ қазір мен процесстен ләззат аламын. Оның үстіне, маған жаңа Барби қуыршағын сыйлады. Ол қуыршақ бүкіл әлемде тек менде ғана бар. Ойыншық дүкен сөрелерінде тек желтоқсан айынан бастап сатылады! Қуыршақ түсірілім кезінде менің үстелімнің астында отырады”, — дейді 10 жастағы Софи

Талқылау