Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жастағы финн тұрғыны Инстаграм желісінің қатесін тауып берді

Финляднияның 10 жасар тұрғыны Яни Инстаграм әлеуметтік желісіндегі кемшілікті дәл тапқаны үшін 10 мың доллар сыйақы алды.

160504010607_instagram_624x351_getty_nocredit

Сурет Getty

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Заң бойынша әлеуметтік желіге тіркелуге тым жас бала, инстаграмда өзге қолданушылардың пікірін өшіріп тастайтын функцияны тапқаннан кейін марапатқа ие болған. Сервиске иелік жасайтын Facebook компаниясының мәлімдеуінше аталмыш қате дереу түзетіліп, балаға алғыс білдірілген.

Бала әлеуметтік желінің қателігін ақпан айында байқап, басшылыққа хабарлаған. Ол үшін арнайы тесттік аккаунт ұсынылып, бала желінің қауіпсіздік жүйесінде расымен де кемшілік бар екенін дәлелдеп шыққан. Журналистермен тілдескен Яни өзінің жүлдесін жаңа велосипед, спорттық киімдер және ағасына компьютер алуға жұмсамақшы екен.

Facebook компаниясы bug bounty бағдарламасының аясында желінің қателігін тапқан адамдарға арнайы жүлде тағайындаған. Осындай ақшалай сыйлыққа ие болған Яни ең жас тапқырлардың көш басында тұр. Осы күнге дейін әлеуметтік желінің дұрыс емес функцияларын жедел аңғарған қолданушыларға 4 млн доллардан астам қаражат төленіпті.

Талқылау