Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жасар Әмір Махмет 1000 рет серіппе жаттығуын жасап рекорд орнатты

Серіппе жаттығуынан балалар арасында әлемнің төрт дүркін рекордсмені 10 жасар Әмір Махмет Қазақстан Олимпиада құрамасын қолдау мақсатында 1000 рет серіппе жаттығуын жасап, өз рекордын жаңартты.

7bb2aa8b3002e006d821fd07359e3bfb

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

23ecf29512790936d937efca7114f19c

Әмір кезекті рекордын Бурабайдағы «Бөлектау» шыңында жасады. Бұл жетістікті Қуандық Құдайбергенов Қазақстан рекордтар кітабына тіркеді.

e5eca60d63ff01ddc0b0eb33958cbc83

Айта кетейік, Әмір алғашқы рекордын (450 рет) 2015 жылдың 1 маусымында Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған Street Workout жазғы маусымының ашылуында, екінші рекордын (30 секундта 50 рет) Street Workout-тан Ақмола облысы біріншілігінде, үшінші рекордын (550 рет) 2015 жылдың қыркүйегінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында, ал төртінші рекордын (60 минут «планка» ұстау) Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек қарсаңында жасады.

3bde9838845e728dbb069c89d0d1ec90

Бұған дейін 9 жастағы әмір Махметтің төрт тағандап тұрудан жаңа әлемдік рекорд орнатқанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Астана тұрғыны шегені майыстырудан Қазақстан рекордын орнатты

АҚШ-та 100 жастағы әйел жүгіруден рекорд орнатты

Гиннес кітабына тіркелген қазақстандық рекордтар (фото)

Талқылау