Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жасар баланы құтқарған азамат: 500 мың теңгеге ақшасы жоқ адамдардың терезесіне қоршау жасап берем

Артем Карев Астана әкімі табыстаған 500 мың теңгені қайда жұмсайтынын айтып берді. Ол азаматтығы үшін алған қаражатты да ел игілігі үшін жұмсамақ, деп хабарлайды Қазақпарат.

“Ақшаға мұқтаж емеспін. Мен жайлы желіде жазылған ақпаратты оқып отырғанда терезелерге қорғаныс қоршауын жасайтын адамды көріп қалған едім. Сол себепті биік ғимаратта тұратын жандарға көмектескім келеді. Терезеге қоршау жасатуға ақшасы жетпей жүргендерге қол ұшын созсам деймін”, – дейді Артем тілшілердің сұрағына жауап беру кезінде.

Артем баланы қалай құтқарғанынтағы да есіне алды.

“Сол күні біреу мені балконға жетелегендей болды. Балконға барғанымда даладағы шуды естідім. Қарамас төбемде бала құлайын деп тұр”, – дейді Артем Карев.

Артем Карев баланың ата-анасымен әлі сөйлеспеген. Анасының оқиғадан соң ауруханаға түскенін айтты.

Естеріңізде болса, Артем Каревтың 10-қабаттан құлаған баланы құтқарып қалғаны жайлы хабарлап, видеосын жариялаған болатынбыз. Кейіннен оның ерлігін естіген Сарыарқа аудандық әкімдігі Артемге алғыс хат пен теледидар сыйға тартты. Алайда, баланың ата-анасы ұлдарын бір ажалдан аман алып қалған құтқарушыларына әлі хабарласпаған екен. Астана әкімі баланы құтқарған жігітке жарты миллион теңге сыйлады

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау