10 сотық жер: қала маңындағы жерлерді қайтару тетігі әзірленіп жатыр

Сейсенбі, 18 Қазан , 2016 11:47

Өткен айдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеп, соның аясында бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттің мұқтаждығына қайтару тетігін әзірлеуді тапсырған болатын.

20160927143724

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша аталған норма келесі жылда іс жүзінде қолданысқа енгізілуі әбден мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз ол мәселені заң жобасына енгізіп жатырмыз. Генпланға (қаланың бас жоспары – авт.) сәйкес, ауыл шаруашылық нысанындағы жерлерді үкіметтің қажеттілігіне алу жөнінде норманы отырғызып жатырмыз осы заң жобасына. Бүгінгі жағдайда ондай норма керек. Бірақ бас жоспарға сәйкес», – деді вице-министр Нысанбаев «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, аталған норма жылдың аяғына дейін қабылданса, келесі жылдың көктемінде іс жүзінде қолданылатын болады.

Бүгінде жергілікті билік, яғни әкімдіктер кезінде жекеменшікке өтіп кеткен қала маңындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтара алмай отыр. Себебі заң бойынша тек әлеуметтік нысан (мектеп, балабақша, аурухана – авт.) салынған жағдайда ғана жекеменшік жерді қайтарып алуға мүмкіндік бар. Президент аталған норманы өзгертіп, бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, 10 сотық жер ретінде таратуды тапсырды. Әрине, ол жерге алдымен инженерлік желілер тартылуы шарт. Қалаға жақын жатқан жерлердің тиімді тұсы да сол, инфрақұрылымды тартуға қыруар қаржы кетпейді.

«Әкімдер ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, қазіргі жер қорын толығымен түгендеп шығуы тиіс. Осыдан кейін қалалардың бас жоспарын өзгерту бойынша тиісті ұсыныстарды енгізу керек. Әкімдерге жерді мемлекет меншігіне, соның ішінде, жеке тұрғын үйге қажетті жерлерді сатып алу құқығын берген дұрыс. Иә, қаланың ішінде жер жоқ.

Ал қаланың сыртындағы жерлер кім-көрінгеннің қолында кетті. Енді, шалқайып жатыр. Әкімдер оны алып қоя алмайды. Егер жерді заңға сәйкес игермей жатса, прокурорлармен бірге барып, алып қою қажет. Болмаса, өздері сатып алған кадастрлық бағасымен қайтарған жөн.

Бұл мәселені ұзаққа созуға болмайды. Міне, сол кезде адамдар 10 сотық жерлерін алып, жеке үйлерін сала алады. Бұны қолға алсақ, құрылыс саласы жандана түседі. Құрылыс материалдарына сұраныс көтеріледі. Адамның өзі үйі болғанға не жетсін! Ертең ол үй баласына қалады, немересіне қалады», – деді Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайдан келген оқушы қыз 2017 асықтан көк туды жасап шықты

Ұзынағаштағы үш ағайындыны ұрланған мылтықпен атып өлтірген

Ерекше ұзату: туыстары әжені ұзатты (фото, видео)

Әйгілі сәнгер Лилия Рах жазадан қашып құтылуы мүмкін

Тоқтар Төлешов мемлекеттің вице-президенті болуға ниеттенген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Роман says:

    Мемлекет басшысының тапсырмасымен 10 сотық жерден халыққа тарату ең ізгі шешім болды. Бұл жолда қандай шешім болса да қабылдау керек.

  • Сагида says:

    Қалаларда тұрғын үй құрылысы мәселесі өте ауқымды, сондықтан егер де тұрғын үй мәселесі шешілетін болса бұл өзгертулер өте өзекті болады

  • Алия says:

    Осы айтылған 10 сотық жер шынымен берілсе, онда жақсы бастама екен.

  • Айгерім says:

    10 сотық жерлерін алып, үйлерін салып, әр қазақтың баспанасы болады. Үй салмаса, шаруашылықпен айналысар…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар