Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10-шы қабаттан бес мысық лақтырған ақсақал істі болды

10-шы қабаттан мысықтарды лақтырған Карачаево-Черкесияның 61 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ТАСС  ІІМ жергілікті басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

қылмыс

Жануарларға қатысты қатыгездік танытқандығы үшін ең көбі 6 айға қамауға алу жазасы қарастырылған. Ресей

“Күдікті 10-шы қабаттың терезесінен өзінің азаматтық некедегі әйелінің бес мысығын лақтырып жіберген.  Мұны учаскелік полицей Усть-Джегутаның  Московский шағын ауданының көшелерінде қауіпсіздікті арттыру бойынша шараларды жүргізу кезінде анықтаған”, – деді ведомствода.

Ер адам қылмысын мойындады және ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

 

Талқылау