Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 мың қытайлық ең үлкен бассейнге түсіп ыстықтан қорғануда (фото)

Мыңдаған қытайлық ыстық ауа-райынан қорғану үшін әлемдегі ең үлкен бассейннің өзін толтырып жіберді. Осылайша “қытайлық Өлі теңіз” деп аталып кеткен бассейн адамнан көрінбей қалды.

392

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Аумағы 30 мың шаршы шақырым болатын тұзды сумен толтырылған бассейн Сычуань провинциясындағы Суйнин қаласында орналасқан.

485

Әртүрлі жабдықтарымен суға лап қойған адамдар, бассейн бетін ерекше түске бояғандай әсер қалдырады.

775

10 мың адам бөшкелерге отырып суға түсті.

588

Суда 43 әртүрлі минералды заттар мен микроэлементтер бар екен. Аквапарк иесінің айтуынша бұл бассейнге жыл сайын миллиондаған адам келеді екен.

683

Бассейннен бөлек мұнда адамдар гольф ойнап, басқа да демалыс орындарын пайдалана алады.

873

965

1265

2134

2135

Талқылау