Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер жолдың шетінде қансырап жатқан жерінен табылған ер адамның туыстарын іздестіруде

Алматылық дәрігерлер ауруханада жатқан пациенттің туыстарын іздестіріп жатыр. Ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол адам көп жүретін даңғылда жолдың шетінде жатқан жерінен табылған. Ол жол-көлік оқиғасына тап болған болуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

10 күн комада жатқан: Алматылық дәрігерлер жолдың шетінен табылған ер адамның туыстарын іздестіруде

Дәрігерлер оның бас сүйек-ми жарақатын алып, жамбас сүйегі сынғанын айтып отыр. Миына қан құйылғандықтан, осы жағдай ер адамның өміріне қауіп төндіріпті. Ер адам өзіне келгенше жан сақтау бөлімінде 10 күн жатқан. Қазір ол нейрохирургия бөлімінде жатыр. Алайда пациент өзінің кім екенін, қай жерден екенін айта алмайды. Дәрігерлер ер адамның денесіндегі жарақаттың сипатына қарап, оны көлік қағып кеткен болуы мүмкін деп топшылады. Ол табылған кезде өзімен бірге құжаттары да, телефоны да болмаған.

«Науқас алған жарақаттарының себебінен сөйлеу қабілетінен айырылған, жағдайы мүшкіл.  Науқастың жарақаты өте ауыр. Түскен кездегі киіміне қарағанда, науқастың өзінің түр-сипатына қарағанда туысқандары бар деп ойлаймыз», – дейді нейрохирург дәрігер Ербол Мәкежанов.

Дәрігерлер ер адамды танығандардан хабарласуын сұрады. Оның алдағы тағдырын шешуге және емін жалғастыруға көмектесу керек, дейді медицина қызметкерлері.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау