Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 баланы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп сотталған интернат тәрбиешісі түрмеде асылып қалған

8 мамыр күні 20 жылға сотталған Семейдің 44 жастағы интернат тәрбиешісі тергеу изоляторында асылып қалған. Болжам бойынша, ол 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасының заңды күшіне енген соң осындай қадамға барған болуы мүмкін.

290378_s1

Сурет: www.moe-online.ru 

Бұл туралы  YK-news.kz хабарлайды.

Семейдегі №5 «Көмекші мектеп интернатының» 44 жастағы тәрбиешісі жетім балалар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған, кәмілетке толмаған жасөспірімдерге жыныстық сипаттағы әрекеттерге итермелегені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Сотта 1998 жыл мен 2015 жыл аралығында оның кесірінен 12 мен 14 жас аралығындағы 10 бала зардап шеккені анықталды. Сотталушы жазасын қатаң ұстау абақтысында өтеуі тиіс болған. Бұл үкім жақын күндері ғана күшіне енген болатын.

«Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін», – дейді тергеу изоляторының басшысы Жүнісов.

Артур Власов

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да оқушыларды жыныстық қатынасқа итермелеген мектеп директоры сотталды

Талқылау