Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

1 шілдеден бастап 225 мыңнан аса медициналық қызметкердің жалақысы көтеріледі

Министрлер Астанадағы жылы орнын суытып, аймақтарды аралауға шықты. Олар тұрғындармен жүздесіп, жаңа жәрдемақы кімдерге тиесілі, мемлекеттің әлеуметтік саясаты қалай жүзеге асырылып жатыр  егжей-тегжейін айтып түсіндіріп жатыр. Өңірлерді аралауға кіріскен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 1 шілдеден бастап 225 мыңнан астам медициналық қызметкердің жалақысы артатынын айтты.

1 шілдеден бастап 225 мыңнан аса медициналық қызметкердің жалақысы көтеріледі

Хал-жағдайды министрдің өзі сұрап келгенде, шыны керек, Атыраудың аудандық ауруханасында ем қабылдап жатқандар таңырқай қарасты. Министр Елжан Біртанов тұрғындардан медициналық қызметтің сапасы туралы сұрап білді. Аймақтағы басты мәселе- дәрігерлер жетіспейді екен. Соның ішінде педиатр, жалпы тәжірибелік дәрігерлер тапшы. Өткен жылы медакадемияны тәмамдаған 5 түлек келген. Биыл тағы бесеуін күтіп отыр. Бірақ, оның өзі аздық етеді, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы". 

«2011 жылы арнайы заң қабылданды. 2012 жылдан бастап грантқа түскен студенттер биыл бітіреді. Сол заң бойынша міндетті түрде 3 жыл мемлекет жіберген жерге барып жұмыс жасауы керек. Бірақ, әрине жақсы дәрігер келуі үшін осы жергілікті басшылар, әкімдер әлеуметік жағдай жасауы керек», - дейді Біртанов.

Демек, енді Атырау облысы ғана емес, жалпы елімізде дәрігерден тапшылық болмауы тиіс. Ал ақ халаттылар ақшасына қызығып жеке клиникаларға кетіп қалмасы үшін министрлік медбикелердің, кіші қызметкерлердің және дәрігерлердің жалақысын өсіруді жоспарлап отыр екен. 

«Өте маңызды тапсырма. Елбасы «Нұр Отан» съездінде берген. Ол - осы медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеру. Осыған байланысты 1-шілдеден бастап 225 мыңнан астам медициналық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі», - дейді денсаулық сақтау министрі.

Министрлер төтесінен қойылған сауал, айтылған мәселенің барлығын қойын дәптерлеріне түртіп алды. Міндетті түрде ескеруге уәдеоерін берді. Жергілікті жердегі мұндай жүздесу, диалог қай тарапқа да пайдалы деп тарасты жиналған жұрт. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр