Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 млн 200 мың қазақстандық азамат жер алу үшін кезекте тұр

Қазақстанда 1 млн. 200 мыңнан астам азамат үй салу үшін жер учаскелерін алу кезегінде тұр. Бұл туралы бүгін Астанадағы Ұлттық кітапханада өткен «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы, сенатор Әли Бектаев мәлім етті.

18-546b8d24a52fa.Kak_poluchit_zemelnyj_uchastok_uchastniku_ATO

Сурет: www.litsa.com.ua 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жер реформасы аясында, жер мәселесіне қатысты проблемалар көтеріліп жатқан кезде, оның көлеңкелі тұстарына да назар аударған ләзім. Бұлардың барлығы да халықтың әлеуметтік жағдайына, тұрмыс тіршілігіне тікелей байланысты. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда, 1 млн. 200 мыңнан астам азамат үй салу үшін жер учаскелерін алу кезегінде тұр. Олардың көпшілігі жастар, жас отбасылар. Осы ретте айта кетерлігі, Үкімет қаулысы арқылы инфрақұрылымы жоқ жерлерді беруге тыйым  салынған. Осыны сылтау еткен әкімдер жұртқа жер беруді тоқтатты», – деді Әли Бектаев.

Оның айтуынша, соңғы 10-12 жыл көлемінде үй салуға жер бөлу мүлдем мардымсыз жүргізілді, тіпті жоқтың қасы десе де болады. «Міне, жер туралы әңгіме төңірегінде елдің ызасын тудыратын осындай мәселе де бар ғой. Сондықтан да, бұл проблеманы сараптап, кейбір кедергілерді алып тастап, нақты шешімдер қабылдайтын кез келген секілді», – деді Бектаев.

Бұнымен қоса, партия басшысы елді мекендер айналасындағы жайылымдар проблемасына да тоқталып өтті. Оның келтірген мәліметіне қарағанда, соңғы 10 жыл көлемінде экономиканың оңалуына байланысты халықтың тұрмысы жақсарып, жұрт қолында ұсталатын мал саны да күрт артқан. Бұл ретте бұрынғы нормативтерге сәйкес, ортақ пайдалануға берілген жайылымдар тарылып, мал жаюға өріске шығаруға кедергілер кездесіп жатыр.

«Сондықтан да, ертеректе кейбіреулердің иелігіне кеткен, жалға берілген жайылымның бәрін ревизиядан өткізуге тиіспіз. Артық алынған жерлер ортақ пайдалануға беріліп, елді мекен тұрғындарына жағдай жасалуы керек. Өйткені, ауыл тұрғындарының тұрмысы мал шаруашылығына тікелей байланысты болып отыр», – деді Бектаев.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтарға заң бойынша тегін 10 сотық жер таратылмақшы

Талқылау