Үздік ресейлік сериалдар белгілі болды

Сәрсенбі, 30 Наурыз , 2016 14:53

Ресейлік кино және телеарна продюсерлері ассоциациясы өткен жылды қорытындылап үздік сериалдарды марапаттады. Салтанатты шара 29 наурыз күні Мәскеуде өтті. Бірінші марапатты әскери көп сериялы “Ленинград 46” сериалы ұтып алды.

7nKaaJCx_thumb_main

Сурет «Ленинград-46» сериалынан алынды

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Үздік режиссерлік жұмыс бойынша марапатты “Тынық Дон” сериалы үшін Сергей Урсуляк иеленді. Үздік сценарист атағын “Алдау” жобасындағы жұмысы үшін Дарья Грацевич алды. Сериалдың өзі жылдың үздік мини-сериалы деген атақты еншіледі.

Қазылар алқасы актрисалар арасынан “Жүктілікке тест” сериалында ойнаған Светлана Иванованы, актерлер арасынан “Метод” сериалындағы Константин Хабенский мен “Ленинград 46” да ойнаған Сергей Гармашты үздік деп атады. Екінші пландағы үздік рөл бәйгесінде Наталья Суркова (“Ұлы”) мен Сергей Маковецкий (“Тынық Дон”) дара шықты.

Үздік телефильм аталымында Антон Сиверстің “Василисі” жүлде алды. Ал үздік комедиялық сериал жанрында “Кухня” сериалы көш бастады. Ассоциацияның арнайы жүлдесін америкалық “Алыптар айқасы” сериалы ұтып алды. Тағы бір қосымша марапат Сергей Мокрицкидің “Севастополь үшін күрес” сериалына берілді. Бұл жылы ұйым “Үздік анимациялық сериал” атты жаңа аталымды қосқан. Бұл жүлде “Маша мен аюға” тапсырылды.

Дауыс беру ассоциация мүшелері арасында жабық түрде жүргізілді. Қазіргі таңда аталмыш ұйымға Ресей кино өндірісі және телеөнімдер нарығында белсенді 27 компания кіреді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар