Үйлену тойындағы тамаққа көңілі толмаған қонақтар төбелес шығарды (видео)

Үндістанда үйлену тойының қонақтары даяшыларға шабуыл жасап, тойдың шырқын бұзды. Оқиға түсіп қалған видео желіде тарап кетті.

Үйлену тойындағы тамаққа көңілі толмаған қонақтар төбелес шығарды (видео)

Ролик 10 ақпанда Нью-Делидегі бесжұлдызды мейманханалардың бірінде түсірілген. Видеода ішімдікке тойып алған ер адамдар даяшыларға шабуылдап, оларға тәрелке лақтырады. Ер адамдардың бірі жерде құлап жатқан қызметшілердің бірінің басынан темір табақпен ұрмақ болды. Алайда оны дер кезінде тоқтатып алды. Әйелдер мас күйеулерін ақылға келтірмек болғанымен, онысынан ештеңе шықпады, деп жазады Newsflare басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Белгілі болғандай, үйлену тойындағы мұндай жағдайға той жүргізушісінің тамақтың суып қалғанын айтып шағымдануы себеп болған. Мейманхана өкілдері ақталып, қонақтар ішімдік ішіп, көңіл көтеріп жүргенде тамақтың суып қалғанын айтқан. Алайда бұл сөз қонақтарды ашуландырды. Олар асүйдегі ыдыс-аяқты сындырып, даяшылармен төбелесті.

Төбелес салдарынан мейманхананың кемі 4 қызметшісі зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Ендігі мейманхананың иесі қонақтардың үстінен полицияға шағымданбақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар