Үйлену тойын киіз үйде өткізу Англияда жаңа трендке айналды (фото)

Бейсенбі, 4 Ақпан , 2016 11:27

Қазақстандықтар тойларды аттап басқан сайын алдыңнан шығатын керемет мейрамханаларда жасап келеді. Ал Англяда жаз кезінде үйлену тойларын арнайы дизайнерлік киіз үйлерде атап өту сәнге айналған. 4GfY46MW7h4gfIKdGLxeo91R2CG9I5 (1)

Бұл туралы  stan.kz  yvision.kz сайтына сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

“Біз серіктесім екеуміз киіз үйді өте қатты ұнатамыз. Өйткені, ыңғайлы конструкциясының арқасында оны кез-келген жерге орнатуға болады. Ол өте әдемі, ерекше образдағы үй. Киіз үй бас қосып жатқан екі жасқа да тамаша әсер сыйлайды”, – дейді Лиззи есімді “Тойға арналған киіз үйлер” бизнес-жобасының авторы.

j4yU2p4806B2JEf598RSq3bw0H6vV9

Компания клиенттерге киіз үйді өздері жеткізіп, оны құрып,толықтай дайын қылып береді. Сондықтан да тапсырыс берушілердің алаңдауына еш негіз жоқ. Киіз үй бірнеше сағаттың ішінде жылдам жиналады. Бұрын көшпенді халықтардың арасында бұл шаруамен әйелдер мен балалар айналысып, небәрі 1,5-2 сағаттың ішінде жинай алған. d4Ivl9x0F6yatO3hfD1g7tkKi6QO7cGJordmxkjMTotuUiH1f1BO6564jep1 8z469H1cYUVuy8K8zHaCSYttqSDdt0

Үйлену тойына арнайы әзірленген киіз үйлер Уэльс шеберлерінің қолынан шығыпты. Материал ретінде жергілікті ормандардағы шырынды талшан ағашы қолданылған.

HW33pYgTh1a5LUa2EL1rOr5Ky8ijYf

Үйленуге арналған бұл үйлер дәстүрлі ақ немесе ашық түсті заттармен  сәнделеді. Көшпенділер де тазалық пен гүлденудің белгісі саналатын бұл түс үйленуге арналған киіз үйлердің де ажарын аша түседі.  Мерекелік киіз үйді әртүрлі фантазиямен сәндеп, безендіруге болады.

j0SW3lVD2fbMvGlIlwkJ4zkvy80b88 j4yU2p4806B2JEf598RSq3bw0H6vV9 ????????????????????????????????

Сонымен қатар киіз үй кешеніне – қатты еменнен жасалған еден, қолдан жасалған жиһаздар және барлық  форматтағы безендіру бұйымдары кіреді.

Англядағы ең ірі ивент-агенттікке тиесілі ең үлкен киіз үй 90-ға жуық қонаққа арналған. Бұл ағылшын тойы үшін жеткілікті. Әрине, адам көбейіп кеткен жағдайда, олар тағы бірнеше киіз үйге тапсырыс бере алады. Киіз үй той иелері мен той қонақтарына қайталанбас әсер мен ерекше атмосфера сыйлайды. gG2l6zp2s8TCb6t33B9Zn2fB4n1qPA g2u05jU55o78xy1pwjLyFxSJ5yUK4s

Түнгі уақытта жұлдызды аспанмен үндескен киіз үй тіптен романтикаға толы болып көрінеді. Keith and Sarah Wedding, May 2015 FG5XXqXT897YWdy1FiJEt216T1815j

Киіз үйде өткізіліп жатқан үйлену тойлары Ұлыбритания мен Канадада үлкен сұраныста. Киіз үйді жалға алу құны 3-5 мың ағылшын фунт стерлингі шамасында. Көшпенділердің колоритін түгелдей дерлік ағылшын тойларына бейімдеу ұйымдастыру агенттіктерінің мақсаты емес. Олар тек киіз үйдің түпкі негізі мен конструкциясын ғана алған. Осылайша ежелгі көшпенділердің негізгі баспанасы болған, қазақ халқының бренді іспетті киіз үй, күллі әлем архитекторлары мен дизайнерлерінің ықыласын арттырып отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    kvartira zhaldap turgannan gori qysqa beiimdep qala shetine tigip otyra barugede bolady

  • marat says:

    Менде осындай қазақи турде , ауылда кең қойында , киіз тігіп той өткізем деп ниеттеніп жур едім ,(анамның 75жылдығын) жақсы демеу болды……….

  • Жұмбақ жан says:

    Оте керемет! Ерекше екен!

  • Жұмбақ жан says:

    Керемет біз өзімізде бар ұлттық құндылықтарымызды дұрыс көрсете білмейміз басқа ел біздің үлгіні пайдалануда

  • Жұмбақ жан says:

    тамаша

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар