5 мысығы аяқ асты жоғалып кеткен қария үйінде болып жатқан сұмдық жайтты білді (видео)

Таиландтың Чаченгсау провинциясында зейнеткердің үйінде ұзақ уақыт бойы жасырынып келген питон ұсталды.

Үйіндегі 5 мысығы аяқ асты жоғалып кеткен қария сұмдық жайтты білді (видео)

Бұл туралы Newsflare басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

65 жастағы Руанг Пеунг үйінің кіреберіс есігі арқылы сыртқа шығып бара жатқан алып жыланды көріп, шошып кеткен. Ол бірден шұғыл қызметке қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлайды. Артынша үйге жануарларды аулайтын маман келіпті.

Үйде тексеріп шыққан маман жыланды үйдің астынан тауып алды. Жылан аулаушылар питонды бір сағат бойы шығаруға тырысады. Алайда бөренеге оралып алған жылан беріле қоймайды. Нәтижесінде екі ер адам жыланды құйрығынан тартып, үшіншісі жыланды денесінің жоғары бөлігінен тебеді.

Үйіндегі 5 мысығы аяқ асты жоғалып кеткен қария сұмдық жайтты білді (видео)

Осылайша, жыланды үйдің астынан алып шыққан мамандар оны қапқа салып, адам көп жүрмейтін алыс жерге апарып тастады.

Зейнеткердің ойынша, дәл осы жылан оның мысықтарын жұтып қойған. Оның үйіндегі соңғы мысық жылан ұсталардан бірнеше сағат бұрын ғана жоғалып кетіпті.

«Былтыр үйімдегі 5-6 мысық жоғалып кетті. Бұл жыланның үйімде жасырынып жүргеніне көп болғанына сенімдімін. Мен өз төсегімде ұйықтап жаттым, ал астында жылан жүрген», – дейді қария.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар