Үстіне дәрет шашылған полицейге қатысты сот шешімі өзгертілді

Сейсенбі, 7 Маусым , 2016 15:32

Қарағанды облыстық соты сот ұжымының шешімімен көлік жүргізушісін шапалақпен тартып жібергені үшін 5 жылға сотталған полицей Төлеген Игібековке тағайындалған жаза өзгертілді.

policiyayaya

Сурет titus.kz 

“Сот шешімімен Төлеген Игібековке тағайындалған жаза өзгертіліп, ҚР ҚК 63 бабына сәйкес, жаза шартты түрдегі жазасын өтеу мерзіміне ауыстырылды. Бұл үшін біз жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Бірақ, бұл пагон таққан шенділердің қол көтеруіне бола береді дегенді білдірмейді. Біз оның отбасылық жағдайы мен кішкентай балалары бар екеніне түсіністікпен қараймыз”, – деді сот отырысы барысында облыстық сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков.

Ол сондай-ақ, ол шешім шығарылғаннан кейін, тәртіп сақшысының бірден босатылатынын мәлімдеді. Бірер күн бұрын ғана полицейдің екінші баласы дүниеге келіпті.

Бұған дейін Жезқазған қалалық соты 22 жастағы полицейді 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Төлеген Игібеков өзінің үстіне дәретін шашып жіберген көлік жүргізушісіне ашуланып, оны шапалақпен ұрғаны үшін айыпталған еді. Алдыңғы сот шешімімен оның туыстары да келіспеген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Анонимно says:

    Толықтай ақтап шығару керек еді бұл жігітті Бейнетүсірілімде анық көрініп тұр жүргізушінің теріс қимылдары

  • Елдос says:

    Дәретін шашканы үшін шапалак емес.сабау керек ондай итті.Шешімі озгерткеніне куаныштымыз.

  • админ says:

    Бул шешимге де шукир. Бирак кайдагы бир наданнын кесиринен жусысынан айырылды. Сол надан туралы неге айтпайт. Сол даретти бир шенеуникке шашса турмеде надан отыратын еди. Бизде адилдик жок.

  • Жұмбақ жан says:

    жарайсын сот мырза жас жан уя гой бекер ден бекер турмеде отырды деген алмаганы дурыс кой еки баласы бар онын устине жап жас екен полиция болмаса да аман журсин

  • жумбак жан says:

    Жаксы болган екен куаныштымыз…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар