Үшінші сәбиін күтіп жүрген Маржан Арапбаева жаңа үйін көрсетті

Жақында үшінші мәрте ана атануға дайындалып жүрген Маржан Арапбаева жүктілік кезіндегі ұстанымдарымен бөлісті. Әнші анша-мұнша ырымдарға сене бермейтінін, негізінен көңілді жүруге тырысатынын айтты. Сондай-ақ, Арапбаева жақында көшіп барған жаңа үйін көрсетті.

Үшінші сәбиін күтіп жүрген Маржан Арапбаева жаңа үйін көрсетті

Арапбаеваның үйіне “Ана мен бала” бағдарламасы мен Қарақат Әбілдина қонақ болып барған, деп жазады Stan.kz.

“Ана атануға дайындалып жатырмын. Санаулы күндер қалды. Бұл жүктілік кішкене ауыр болды. Жас айырмашылығына тән бір ерекшелік бар. Соған қарамастан, қиналып жүрмін деп айта алмаймын. Мен аяғымды аспанға лақтырып жатқан жүкті әйел емеспін. Жыбырлап күнде-күнде…

Бір аптадай ана болайын, үйге көңіл бөлейінші деп жаттым. Шыдай алмадым. Өз-өзіме сыймай, әйтеуір бір жаққа шығып келу керек, бірдеңе істеу керек болды. – Жағдайыңызды білеміз, жүктісіз, соған қарамастан концертке қатыса аласыз ба, ән айта аласыз ба? – деген сияқты ұсыныстар түсті. Көрейік жарайды деп 1-2 көйлек тіктірдім. Киіп алып, әбден рахаттандым”, – дейді Маржан Арапбаева.

Үшінші сәбиін күтіп жүрген Маржан Арапбаева жаңа үйін көрсетті

Әнші өз жұмысынан ләззат алатынын, үйге көңілі көншіп оралатынын тілге тиек етті. Халықтың ыстық ықыласынан энергия алатынын да жасырмады.

Екі қызы бар Маржан бүгінде ұлды болуды армандап жүр. Әншіге жүрген жерінде ел “ұл тап” деп бата береді екен. Ал Маржан УЗИ арқылы баланың жынысын біліп алғанын айтқанымен, оны елден жасырып қалды.

Үшінші сәбиін күтіп жүрген Маржан Арапбаева жаңа үйін көрсетті

“Бұл жүктілігіме ерекше көзбен қараймын. Көбінесе мен мән беремін позитивті энергия жинағанға. Көбірек күліп, көңіл көтеріп, жүзуге барып… Көп бармасам да, уақыт тауып, соған көңіл бөлуге тырысамын. Негативті адамдармен араласпауға, жаман әңгіме естімеуге тырысамын. Оның бәрі балаға тікелей қатысты. Сипаттама жайлы ойласам, біріншіден денсаулығы мықты болса екен. Айлин қызыма ұқсаса екен деп ойлаймын”, – дейді Маржан.

Үшінші сәбиін күтіп жүрген Маржан Арапбаева жаңа үйін көрсетті

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар