Үш жылда 3-ақ рет көрдім: Анасы Қытайда сотталған Ақжарқынға қатысты бар шындықты айтты

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова қызына деген сағынышын айта отырып, істің өзіне ауыр соғып жатқанын айтты.

Фото: Ratel.kz

Анасы қызын осы аралықта 3 рет қана көрген, деп жазады Sputnik .

Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбайды 2015 жылы есірткі саудасына қатысты өмір бойына соттаған  болатын.

“Ақжарқынды көрмегеніме екі жарым жылдан асып барады. Қызымның басындағы жағдайдың маған қалай ауыр тиіп жатқанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ата-әжесіне де ауыр соғуда. Ақжақын сол кісілердің қолында тәрбиеленген. Үлкен қариялар үшін бұл ауыр соққы. Қызымның жағдайын сұрап тұрам. Оның жұмыс істеп жатқанын, жағдайы бірқалыпты екенін естідім. Адвокаттары арқылы кітаптар беріп тұрам”, – дейді анасы.

Ақжарқын ата-әженің қолында өскендіктен бұл жағдай қариялар үшін ауы тиюде. Анасы адвокаттардың болжамына сәйкес, қызы ақталып шығады деген сенімде.

“Қызым осы уақытқа дейін кінәсін мойындаған жоқ. Бірақ  іс құжаттаында басқаша жазылған. Кейін ол құжаттар да өзгертіліпті. Адвокаттары істің көп уақытқа созылып жатқаны да содан болуы мүмкін екенін айтты. Мен тек жақсылыққа сеніп отырмын. Қызым ақталып шығады деп ойлаймын”, – дейді Зухра Сейтімова.

Анасы қызының екі қорғаушысына беруі тиіс ақысын таба алмай отырғанын сөз етті. Қытайда ағылшын, орыс, қазақ тілін меңгерген екі адвокатқа 1 млн теңге қарыз. Бастапқыда екі адвокатқа туған-туысынан ақша жинап, несие алып барлығы 10 мың доллар берген. Алайда берешегі толық өтелмеген.

“Қытайлық екі адвокатқа 1 млн теңге беруіміз қажет. Оларға жақындарымыздан жылу жинап, оған қоса несие алып, барлығы 10 мың доллар төлеген едік. Енді 1 млн теңгеін қалай төлерімді білмеймін. Ол біз үшін көп қаражат. Тіпті, виза жасауға ақша жетпей отыр. Қорғаушылар қарыз толық өтелмеген соң істі жүргізбей отыр ма деп те күмәнданам. Өзім екі жерде жұмыс істеймін. Бірақ табысым балаларым мен басқа қажеттіліктерден артылмайды.  Одан бөлек несие төлеп отырмын”, – дейді Ақжарқынның анасы.

Ал қазақсандық қорғаушы Сұңқар Нұрмағанбетов Ақжақынға тегін қызмет көрсетуде.  Таяуда Қытайған барған Сұңқар Нұрмағанбетов Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайын баяндаған еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар