Үш тәуліктің ішінде Астана жолдарында 122 ЖКО орын алды

Үш тәуліктің ішіндегі 122 ЖКО-дан 6 адам жарақаттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі астаналық әкімдіктің сайтына сілтеме беріп хабарлайды.


Астанадағы жол патрульдік полиция қызметкерлерінің сөзінше, авариялардың негізгі мәселесі көлік иелерінің жазғы дөңгелектерді ауыстырмауында.

Астана әкімдігі жергілікті полиция департаментімен көлік иелеріне жолдарда абайлап жүруге, қауіпсіз арақашықтықты, жылдамдықты сақтауға, тежеуішті кенет басудан сақ болуға, жол белгілерін қатаң түрде орындауға кеңес береді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де жолда абайлап жүрген абзал.

“Көктайғаққа байланысты көліктердің тежеу жолдары көбейеді. Сондықтан жүргін бөлікті рұқсат берілген жерден немесе бағдаршамның сигналымен өткен дұрыс”, — деп жазылған полицияның хабарламасында.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар