Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Гелиос» пен «Sinooil»-ға бағаны қолдан көтергені үшін айыппұл салынды

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (ТМРБҚК) 2015 жылғы қыркүйекте  жанар-жағар май  бағаларының көтерілуіне байланысты монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтарға жүргізілген тергеп-тексерулер негізінде  «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Гелиос» ЖШС және «Sinooil» ЖШС-ге  қатысты  әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

жағармай

Сурет Қазақстан жаңалықтары сайтынан алынды.

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

2016 жылғы 1 маусымда АИ92/95 маркалы бензиндердің бағасын көтеру және ұстап тұру жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісілген  іс-қимылдарды жасауда байқалған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің  159-бабының 2-бөлігін бұзу фактілері  бойынша әкімшілік жауапкершілікке «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС тартылғандығы туралы Астана қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотының қаулысы заңды күшіне енді.

Бұның алдында «Гелиос» ЖШС және «Sinooil» ЖШС  осыған ұқсас бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар 94 млн. теңгеден астам айыппұл төледі.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС төлейтін сома 88 млн. теңгеден асады.

 

Талқылау