Үш бауырын өрттен құтқарған 11 жасар оқушы «батыр қыз» атанды

Бейсенбі, 10 Наурыз , 2016 17:32

Қызылордада алапат жалынның арасынан екі інісі мен сіңлісін алып шыққан 11 жасар Аружан Бисенбаеваның жанұясына көмек қажет. Көпбалалы отбасы екі бөлмелі сарайды ретке келтіріп, қазір сонда тұрып жатыр. Өрттің кесірінен қыс уақытында баспаналарынан айырылған олар, уақытша туыстарының үйін паналауға мәжбүр болыпты.

құтқарды7

Аружанның отбасына stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі барып қайтқан еді.

Сындарлы сәтте сасып қалмай, бауырларын оттың арасынан аман алып қалған Аружан жақында «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалін иеленді. Мемлекет тарапынан көрсетілген марапатқа жеткіншек дән риза Қазір жасөспірім сыныптастарының арасында «батыр қыз» атанып та үлгеріпті.

құтқарды6

«Үйімізден өрт шыққанда қатты қорқып кеттім. Арғы бөлмедегі бауырларым есіме түсті. Шынымды айтсам, оларды қалай алып шыққаным есімде емес. Түтінге тұншығып қала жаздадым. Біразға дейін денемнің дірілі басылған жоқ», – дейді Аружан.

құтқарды8

Әпкелерінің арқасында тірі қалған бауырлары да оқиғадан кейін бірнеше күн шошынып жүріпті.

Аружанның анасы Анар Бисенбаеваның тұрақты жұмысы жоқ. Балаларының жәрдемақысына күн көріп отыр. Мүмкіндігі келгенше туыстары берген сарайдың ішін реттеп, алты баласымен сонда тұруда. Бір бөлмесінде ас әзірлеп, ыдыс-аяғын жуса, екіншісінде тамақтанып, ұйықтайды.

құтқарды1

«Аружанға ризамын. Сасып қалмай, бауырларын аман алып қалды. Кейін өзі біраз ауырып жатты. Түнімен шошып шыққан кездері де болды. Қазір жазылып келеді. Жан-жақтан көрсетіліп жатқан көмектерге ризамын», – дейді Аружанның анасы Анар.

Оқыс оқиға орын алғаннан кейін қалалық әкімдіктегілер жанұямен жолығыпты. Ақшалай көмек беріп, азық-түлік табыстапты. Мұндай қамқорлықты мұнай компанияларының бірі де көрсетіпті. Алайда, жанұя әлі жомарт жандардың қолдауын қажет етеді.

құтқарды4

Бисенбаевтар отбасы алдағы жазда тұру мақсатында туыстары берген осы сарайды реттеп жатыр.

құтқарды3

Анар Бисенбаева осыдан бірнеше жыл бұрын көп балалы ана ретінде тұрғын үй алу кезегіне тіркеліпті. Бірақ жаңа баспананы қашан алатыны әзірге белгісіз. Балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ана күн жылынса өртенген үйін шама-шарқы жеткенше жөндеуді жоспарлап отыр.

құтқарды9

құтқарды2

құтқарды5

Алты балалы ана тұрған үйдің өртенгеннен кейін тек қабырғалары ғана қалған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар