Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш баланы өрттен құтқарған Риддер тұрғындары ерлігі үшін марапатталды

Риддер қаласында «Казцинк» ЖШС РТБК акт залында «Казинтерэтнос» МХО қызметкерлері Баланин  мен Соловьев  «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерін табыстау рәсімі болған.

20151231021743

Осы жылдың 23 маусымында таңертең жұмысқа бара жатып, балалардың айқайлаған дауысын естіп жекеменшік үйдің дәлізі өртеніп жатқанын, ал терезеден естері шығып жүгірген балаларды көреді.

Ер адамдар дереу терезені сындырып ішке кіріп, екі, үш және сегіз жасар үш баланы алып шығады.

Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз еді, Баланин И. мен Соловьев К. батыл әрі сенімді іс-қимылының арқасында ғана сол күні балалар аман қалды.

Балаларды құтқару кезіндегі ерліктері үшін ШҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ломыгин А.А. оларға төсбелгілерді табыстады.

 

Талқылау