Үш баланы өрттен құтқарған 11 жастағы алматылық марапатталды

Сәрсенбі, 3 Ақпан , 2016 14:14

Алматыда үш баланы тілсіз жаудан аман алып қалған   5-сынып оқушысы  Сатыбалды Данияр «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

құтқарған бала.jpg2

Марапаттау  Даниярдың ерлігі мектеп оқушыларына үлгі болсын деген мақсатта, өзі оқитын Алатау ауданының Ұлжан-1 ықшам ауданында орналасқан №152-ші мектеп-гимназиясында болды.

Төсбелгіні Даниярдың кеудесіне Алматы қ. ТЖД Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Руслан Қасыбаев тағып, оның ерлігі басқа да жасөспірімдерге үлгі екендігін айтып, оған оқуда озат болуына және халқын сүйген ер-азамат болып өсуіне тілектестік білдірді.

құтқарған бала

Естеріңізге сала кетелік, Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, 2015 жылдың 11 қарашасында 12 сағат 04 минутта Алматы қ. Алатау ауданының, Ұлжан-1 ықшам ауданындағы Тәкежанов көшесі бойында орналасқан № 64-ші тұрғын үйден өрт шыққан болатын. Үйде сол сәтте 2004 жылы туған Сатыбалды Данияр Айдынұлы, 2007 жылы туған Сатыбалды Гүлмира Айдынқызы, 2008 жылы туған Сатыбалды Динара Айдынқызы және 2012 жылы туған Сатыбалды Дамир Айдынұлы болған. Ал ересектерден ешкім болмаған. Өрт салдарынан бөлмелер түтінге тола бастаған. Сол арада Сатыбалды Данияр өрт сөндірушілер келем дегенше, терезенің әйнегін сындырып, бауырларын осы терезе ойығы арқылы сыртқа алып шығып, тілсіз жаудан құтқарып қалады. Ең соңынан терезе арқылы өзі шығып жатқан сәтте сол жақ жамбасынан жарақат алады.

құтқарған бала.jpg3

2016 жылғы 8 қаңтарда ҚР Ішкі істер министрі  Қасымов адам өмірін құтқаруда ерлік және жанқиярлық танытқан Сатыбалды Данияр Айдынұлын «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттау туралы тиісті бұйрыққа қол қойды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар