Үш әйелден он бала тәрбиелеп отырған Ыбрайымов отбасын құруда жастарға өз ақылын айтты

Жұма, 13 Қазан , 2017 22:49

Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ыбрайымов жақында ғана  оныншы баланың әкесі атанған еді. Боксшы отбасын құру мәселесінде жастарға өте абай болуды әрі жауапкершілікпен қарауға кеңес берді,-деп жазды Stan.kz  тілшісі.

сурет:Караван

“Жігіттер жағдайларың болса қызды күттіртіп қоймай, ертерек үйленген дұрыс. Қазақтың саны көбейгені жақсы. Ыңғайы келіп жатса ұрпақты көбейту керек. Әрі  оған өте жауапкершілікпен қараңыздар. Біздің бабаларымыз батыр болған. Балаға дұрыс тәрбие беру, керегімен қамтамасыз ету әкенің міндеті”,-деді Олимпиада чемпионы.

Спортшының өзі бірнеше уақыт бұрын оныншы баланың әкесі атанған еді. Яғни үшінші некедегі жары дүниеге ұл бала алып келді.

«Ең кенже ұлым бір ай бұрын өмірге келді. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Себебі, әйелім: «Сен бокстан алтын алдың, ал мен ана ретінде алтын алғым келеді. Енді жеті бала табуым керек», – дейді.

Қазіргі таңда үш  некеден қос қызы мен сегіз ұлы бар боксшының перзентінің үлкені 20 жаста екен.

Ермахан Ыбрайымовтың тұңғышы Тойбек режиссер болғысы келсе, екінші ұлы Мейірбек аспаз оқуын оқуда. Ал Айсұлтан есімді ұлының боксқа қабілеті бар екен.

Оқи отырыңыз:

Альвареспен спарринг өткізген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Аршавиннің әйелі қалай тұрып жатқандарын көрсетті (фото)

42 жастағы жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Алла жар болсын. Анонумоус алып көрсеңші содан кейін айтасың

  • Anonymous says:

    Несіне мақтаныш отыр. Үш әйел алдым деп па? Мақтанатын нәрсе көріп тұрған жоқпын

  • Anonymous says:

    Фу мерзкий тип. И какая из них самая счастливая?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар