Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш азамата “Еңбек Ері” атағы берілді

Елді экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін үш азаматқа “Қазақстанның Еңбек Ері” атағы берілді.

8274818ккк

Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаев үш бірдей қазақстандық азаматқа “Еңбек Ері” атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ерекше еңбегімен көзге түскен үш адамға: «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» разрезінің механигі Рышат Әміреновке, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Искандировке, сондай-ақ, «Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Князевқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл атақтар Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін беріліп отыр.

Талқылау