Үнемі асығып жүретін адамдар үшін арықтаудың 10 тәсілі (фото)

Бейсенбі, 18 Тамыз , 2016 14:27

Артық салмақтан арылу үшін міндетті түрде қатаң режимді диета ұстудың қажеті жоқ. Бар болғаны кейбір әдеттеріңізден арылып, жаңа нәрселерге бойыңызды үйретсеңіз жеткілікті.

AdMe.ru тез әрі аса қиыншылықсыз қалыпты салмаққа түсудің бірнеше тәсілін ұсынды.

Консервіленген көкөністің орнына қатырылған көкөністер

16515715-0103-1471427433-650-e2023e9b58-1-1471497999

Фото: © Sasajo / depositphotos.com

Консервациялау кезінде көкөністерге қант пен әртүрлі қажетсіз консерванттар қосылады. Ол кезде көкөністердің құрамындағы дәрумендердің көпшілігі жойылады. Ал қатырылған көкөністер, кересінше, барлық құндылығын сақтап қалады. Әрі ол қоспасыз табиғи күйде болады.

 

Тәтті торттардың орнына жаңғақ пен цукат

16515165-b36a956499f21d6a2e3d62b391132814-1471442118-650-5e429898f5-1471497999

Фото: © jirkaejc / depositphotos.com   © Voyagerix / depositphotos.com

Торттарды жеміс, қақтар мен жаңғаққа алмастыру арқылы сіз тәттіден бас тартпай-ақ, артық салмақтан арыла аласыз. Алайда бұл дегеніңіз пайдалы тәттілерді тонналап тұтынуға болады деген сөз емес! Әр нәрсенің өз мөлшері бар.

Сүйекті жемістер таңдау

16515265-03-2-1471427304-650-9919ac8e59-1-1471497999

Фото: © Roger H. Goun / flickr   © __steph___ / flickr

Шабдалы, нектарин мен алхоры холестериннің мөлшерін азайып, салмақтың азаюына көмектеседі. Семіздікпен ауырсаңыз, дәл осы жемістерді пайдаланғаныңыз жөн. Тек диетологтар кез келген жеміс түрін алғашқы жартыкүндікте тұтынуға кеңес беретінін ұмытпағайсыздар!

 

Лифттен бас тарту

16515765-04-2-1471431191-650-633c1f9679-1-1471497999

Фото: © imagesbykenny / depositphotos.com   © dashek / depositphotos.com

Жылдамсаты қолданудан бас тартсаңыз, небәрі бір айдың ішінде нәтижені байқайсыз. Таразыдағы көрсекіш төмендей үсіп, аяқтарыңыз бен бөксеңіз әдемі қалыпқа түсе келеді.

 

Майлы қаймақты тұтынбаңыз

16515415-08-1471433921-650-a2615f9e4a-1-1471497999
Фото:  © ivan_dzyuba / depositphotos.com   © anaumenko / depositphotos.com

Майонездің немесе майлылығы жоғары қаймақтың орнына табиғи не грех йогуртын пайдалануға болады. Нәтижесінде бірнеше айда айтарлықтай  келіден арылғаныңызды байқамай да қаласыз.

 

Сүтсіз кофе ішкеніңіз абзал

16515465-09-1471426655-650-b6f3d0c5a3-1-1471497999
Фото: © mrsiraphol / depositphotos.com   © Valentyn_Volkov / depositphotos.com

Капучиноны қара кофеге алмастырып, күн сайын мыңдаған артық калориялардан сақтанасыз.

 

Әдеміліктің серігі – спорт

16515515-10-1471434040-650-1bfcf8bc6d-1-1471497999
Фото: © Wavebreakmedia / depositphotos.com   © markin / depositphotos.com

Жаттығу залына баруға уақытыңыз жоқ па? Ендеше ұжымдық не достық кездесулеріңізді спорт клубтарының ішіндегі кафеге белгілеңіз. Осылайша кафеден шыққаннан кейін спортпен шұғылдануыңызға мүмкіндігіңіз болады. Достарыңызға, әріптестеріңізге барлық мәселені жаттығу құрылғысында жүріп бара жатып талқылауды ұсыныңыз.

 

Кешкі астан бұрын жеңіл тамақтану 
16515565-11-1471434135-650-e5fa431665-1-1471497999

Фото: © ponce_photography / pixabay   © StockSnap / pixabay

Мейрамханадан кешкі ас ішу – шамамен 1000 калорияны құрайды. Кешкі астан бұрын бір тәрелке майсыз сорпа немесе көкөніс салатын жесеңіз, кешкі астың құндылығы 20-30%-ға төмендейді. Осылайша бір кеште сіз бүтін бір пиццаны емес, оның бірнеше бөлігін ғана жейсіз. Бұл ережені сақтансаңыз, өзіңізді жылына 5-7 келіден қорғайсыз.

 Үздік шешім – ароматерапия

16515615-12-1471434221-650-a3120bb026-1-1471497999
Фото: © sdnet01 /pixabay   © hiropiro. / flickr

Кез келген иістің адамның тәбетіне тигізетін әсері баяғыда-ақ дәлелденген. Мәселен, бананның, алмұрт пен алманың иісі сіздің тәбетіңізді төмендетіп, тәттіге деген құмарлығыңызды басады. Сондықтан да тәтті жей келгіңіз қалса, шынайы алмұртты немесе алма иісті иісмайды таңдаңыз.

Негізгі тағамның орнына жеңіл сорпа

16515665-13-1471434300-650-15cff9780e-1-1471497999

Фото: © TheAndrasBarta / pixabay   © Couleur / pixabay

Құндылығы жоғары негізгі тағамның орнына жеңіл көкөніс сорпасын немесе майсыз еттен жасалған сорпаны таңдағаныңыз абзал.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Ми жұмысын жақсарту үшін 15 кеңес

Шашты қалың әрі әдемі етіп тез өсіруге арналған 15 кеңес (фото)

Аяқ киім күтіміне арналған 10 кеңес

«Алтын белгі» иегері түлектерге қажетті 10 кеңесімен бөлісті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар