Үндістандық кинотеатрда қорқынышты фильм көргеннен кейін қайтыс болды

Сенбі, 18 Маусым , 2016 19:12

Үндістандағы Тируваннамалай қаласында 65 жастағы ер адам “Сиқыр 2” деп аталатын қорқынышты фильм көргеннен кейін қайтыс болған.

maxresdefault-23

Сурет tamilglitz.in

16 маусым күні кешкілік ер адам өзінің досымен бірге кинотеатрдағы түнгі сеансқа барады. Фильмнің шырқау шегі таяғанда ер адам жүрегім ауырды деп шағымданған. Сосын бүк түсіп құлап түседі. Ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны құтқара алмаған.

Кейін медициналық мекеменің мамандары оның денесін зерттеу үшін басқа ауруханаға апаруға кеңес берген. Алайда оның досы ер адамның денесімен бірге жоғалып кетеді. Қазіргі таңда полицейлер екі ер адамның кім екенін анықтау үстінде. Олардың тек Андхра-Прадеш штатынан келгені ғана белгілі.

“Сиқыр 2” фильмі 2013 жылы экранға шыққан “Сиқыр” фильмінің жалғасы. Сюжет бойынша ерлі-зайыпты экстрасенстер эд және Лоррейн елеспен алысқан жалғыз басты әйелге көмектесуге тырысады. Картинаның премьерасы АҚШ-та 10 маусымда болған .

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар