Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандық балуан қаза болған спортшының медалін алудан бас тартты

Үндістандық балуан Йогешвар Датт қаза болған ресейлік Бесик Кудуховтың күміс медалін алудан бас тартты. Спортшы медальдың Кудуховтың отбасында қалғаны дұрыс деп есептейді.

50f6838e7cbbd2

Фото: Global Look Press

Йогешвар желідегі парақшасында Кудуховтың керемет балуан екенін айта келе, бірінші кезекте адамгершілік тұруы жөн екенін жазды.

«Бесик Кудухов – ұлы балуан. Оның қазасынан кейін допинг тексерісінің оң болып шыққаны өкінішті. Мен оны ойыншы ретінде өте құрметтеймін», – деп жазады ол.

Медальдың кімде қалатыны әзірге белгісіз. Олимпиада ережесіне сай, егер спортшы шеттетілген медальдан бас тарса, оған медальдың көшірмесі берілуі керек.

30 тамыз күні 2013 жылдың 29 желтоқсанында жол апатынан қаза болған 27 жастағы Бесик Кудуховтың 2012 жылғы Олимпиадада алған күміс жүлдесі допинг сынамасы оң нәтиже бергені үшін қайтарылатыны жарияланған.

21 тамыз күні Рио Олимпиадасында ресейлік Сослан Рамонов әзірбайжандық Тогрул Әскеровты жеңіп, соңғы 19 алтын медальді иеленді. Әскеров Лондон Олимпиадасында Кудуховты жеңіп, алтын медальды олжалаған еді. Рамонов осы жеңісін Кудуховқа арнаған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Ауыр атлет Мая Манеза тағы да допингпен ұсталды

Қырғызстан допинг жанжалынан соң Риодағы жалғыз жүлдесінен айрылып қалды

Мысырлық ауыр атлет Рахимовты допинг қолданды деп айыптады

Талқылау