Үндістандық Айдар Тұрғанбековтен киімін сұрап алған

Жұма, 24 Маусым , 2016 10:35

Меккеде әнші Айдар Тұрғанбековтен үндістандық азамат қазақы тақиясын сұрап алған.

image

Фото: instagram.com/aidar_turganbek/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Қайрат Нұртаспен бірге Айдар Тұрғанбековтің де Меккеге аттанғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Әншілер сапар барысында түрлі оқиғаға тап болған екен. Соның бірін Тұрғанбековтың өзі баяндап берді.

Үндістандық азамат әншінің басындағы қазақы тақияға қатты қызыққан екен. Көп ақша ұсынып, оны сатып алмақ та болған сыңайлы. Әнші бастапқыда оның сатылмайтынын айтқан. Артынша жомарттық танытып сыйға тартқан.

0

“Мына үндістандық жігіт тақияма үңіле қарап, қайда жасалғанын, қайдан алғанымды сұрады. Қазақстанда жасалғанын айтсам, әдемілігін тілге тиек етіп, сатуымды сұрады. Сатылмайды, өзім киемін деп бермедім. Сол сәтте тағы да сатуымды сұрап, мұның өтініш екенін айтты.

Бұл сатылмайды, сыйлық саған деп беріп кеттім. Ал енді бүкіл қазақ осындай оюлы тақиямен жүрсе қандай күшті болатын еді. Айтпақшы, ол менің Instagram парақшамның мекен-жайын жазып алды. Енді өзінің суретін көріп, астына пікір жазатын шығар”, – дейді әнші.

Тыңдармандары әншінің бұл әрекетін қолдай түсті. Мұнымен қатар, карточкасын сұрап әжуалағандар да бар.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас пен Айдар Тұрғанбеков қажылыққа аттанды (фото, видео)

“Жігіттер” тобындағы Айдар “әйелдің ұрысқақтығын басатын” шай шығарып жатыр

Қайрат Нұртас отырған ұшақ Қазақстанға қона алмай кері ұшқан (видео)

Жеке кәсіппен айналысатын қазақстандық жұлдыздар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Негизи бас киимди беруге болмайды.Аллам ози сактасын.Жомарттык танытыпсын Айдар.бирак есинде болсын келеси жолы

    • Жұмбақ емес жан says:

      Не ырым ол беруге болмайды деген. Болады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар