Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда тұман салдарынан 50 көлік соқтығысқан

Дүйсенбі күні Үндістанның солтүстігіндегі күре жолда кем дегенде 50 көлік соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 26 адам зардап шеккен.

car_crasj_190116

Бұл туралы ТАСС газеті хабарлайды.

Оқиға үнді астанасының жанындағы Үлкен Нойда қаласынан танымал Тәж-Махал кесенесі орналасқан Агра қаласына дейін апаратын алтыжолақты күре жолда орын алған.

Құқық қорғау органдарында жол-көлік апаты кезінде қалың тұман салдарынан жолда ештеңе көрінбегенін айтады. «Автомобиль бірінші жүк көлігіне соқтығысқан. Одан кейін оларға қалған көліктер соғылды. Оқиға орнына құтқарушылар мен жол қызметтері келіп жетті», – деп атап өтті полицияда.

Үндістан жол-көлік апаттарының саны бойынша әлемде бірінші орын алып отыр. Жыл сайын ел жолдарындағы апаттар 150 мыңға дейін адамның өмірін қиып әкетуде.

Талқылау