Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда су тасқынынан 269 адам қайтыс болды

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында су тасқынынан қаза тапқандар саны 296-ға жетті.

000026_762051_big

 

«Құрбандар саны 269-ға жетті. Апат аймағына премьер-министр Нарендра Моди аттанды. Ол оқиға орнындағы жағдайды бағалағаннан кейін одан әрі құтқару операциялары туралы шешім қабылдайды», – деді Үндістан ішкі істер министрі Раджнатх Сингх.

Су тасқынына екі аптадан бері толастамаған жауын себеп болуда. Метеорологтар  жауынды осы жексенбіге дейін болады деп болжайды.

Апат салдарынан 230 мыңнан астам адам баспанасыз қалып, 188 адам қаза болған. Ең көп зардап шеккендер қатарында Тамилнад штатының әкімшілік орталығы Ченнаи қаласы болды. Қаланың 60 пайызға жуық тұрғыны жарықсыз отыр, 40 пайызы  мобильдік байланыссыз қалды. Тіпті, білім мекемелері  жұмысын тоқтатты. Әуежай да белгілі бір мерзімге жабылды.

 

Талқылау