Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда сиыр етін жеді деген күдікпен мұсылман әйелі мен оның 14 жастағы сіңлісін зорлаған

Үндістанда сиыр етін жеді деген күдікпен 4 адам жас келіншек пен оның 14 жастағы сіңлісін зорлап тастады. Оқиға Харьяна штатында екі апта бұрын болғанымен бұл туралы енді ғана белгілі болды.

175551_crop_0

«Олар мені мен отбасымды егер осы жайлы айтар болсақ өлтіреміз деп қорқытты», – дейді жәбірленуші. Оның айтуынша, зорлаушылар оның туысқан әпкесі мен ағасын өз үйінде аяусыз ұрған.

Күдіктілер адам өлтіру және зорлау ісіне қатысты ұсталды. Жәбірленуші тіпті жас мұсылман қыздарының да сиыр етін жемейтінін айтады.

BBC News мәліметінше, оқиға болардың алдында ел полицейлері  тағамдадағы қой етінің арасында сиыр етінің бар-жоқтығы тексерілетінін мәлімдеген. Бұл да аталған оқиғаға қатысты болып отыр.

Сиыр жануары – Үндістанда киелі саналады. Оны өлтіруге, етін жеуге тыйым салынады. Тек елдің Кералы мен Батыс Бенгалия штатында ғана тыйым  салынбаған.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда сиыр етін тасымалдаушыларды малдың тезегі мен зәрін ішкізіп жазалады

Күтушінің ұлы әлемдегі ең бай адам атанды

Сирияда “күрд қызы Анджелина Джоли” қаза болды

Талқылау