Үндістанда полиция пән атауын дұрыс айтпаған “үздік оқушыны” тұтқындады

Сейсенбі, 28 Маусым , 2016 14:20

Үндістанның солтүстік-шығысында полиция өтірік жолмен емтиханнан үздік баға алған 17 жастағы мектеп оқушысын тұтқынға алды.

нене

Сурет sinekvan.livejournal.com

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Емтихандардың жалған қорытындысы туралы күдік бойынша тұтқындау 26 маусым күні болған. Қыз телеарнаға сұхбат беріп, онда “саясаттану” пәнінің атауын дұрыс атай алмай, оны асхана қызметімен шатастырып жергілікті биліктің назарын аударған.

Осылайша телебағдарлама жылдам танымалдылық жинап, ол қыздың өтірігін ашып береді. Тексеру кезінде қызға үндінің XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген атақты ақыны Тулсидас туралы эссе жазу тапсырылады. Алайда ол тек “Тулсидас, сәлем” деген сөзбен ғана шектеліпті.

Қыздың саясаттану пәнінен жалған жолмен баға алғанындай, басқа 11 негізгі пәннен де солай баға алғаны белгілі болды. Осындай күдікпен тағы 17 адам тұтқынға алынған. Ал қыз болса 8 шілдеге дейін қамауда ұсталады. Одан кейінгі тағдырының қалай болатыны белгісіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар