Үндістанда кәсіпкер тойына мерекелерге баруға тыйым салынған 18 мың жесірді шақырған

Жұма, 29 Қаңтар , 2016 11:47

Үндістанның Мехсана қаласының тұрғыны, үнді кәсіпкері Джитендра Пател кіші ұлы Равидің үйлену тойына 18 мың жесір әйелді шақырған.

cfd34e7da6b72d7e765c60c5ad3b2224

Бұл туралы The Times of India хабарлайды.

Салтанатты рәсім Гуджарат штатының Химматнарагар қаласына жақын маңдағы Дерол ауылында өтті.

Қалада Джитубхай деген лақап атымен танымал кәсіпкер бұл әрекетін былайша түсіндіреді: «Мен бар пейіліммен қоғамнан аластатылып қалған жесірлердің ықыласын көргім келді. Солардың тілектері қабыл болар. Қоғамда олардың мерекеге қатысуын ерсі көреді. Алайда, мен оларды тойға шақыру арқылы осы қате пікірді өзгерткім келді», – дейді ол.

Әр жесір әйел сыйлық есебінде көрпе, тал көшеттерін алды. Ал, 500-ден аса кедей отбасына Пател сауын сиырларды сыйға тартқан.

Үндістанда жесірлерді өртеу дәстүрі 19 ғасырда түп тамырымен жойылған десе де болады. Бірақ әлі күнге дейін жесірлер мерекелік жерлерге, той-думандарға шақырылмайды. Күйеуінен айырылған әйелдер тірі өлік ретінде есептеледі. Олардың көлеңкесіне дейін жаман ырым саналады. Жесір әйелдерге траурлы ақ түс киіп, әшекей мен аяқ киім киюге, шашын өсіруге тыйым салынады. Өйткені, олардың ойынша, жесірлер өмір бойы күйеуін жоқтап өтуі тиіс.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар