Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда ер адам 14 туысқанын және өзін өлтіріп тастады

Бұл үйде болған оқиға сюжетін тек қорқынышты кинолардан ғана көруге болатын шығар. 35 жастағы Үндістан тұрғыны Хансил Варекар отбасының 14 мүшесін атып тастап, соңында өз-өзіне қол жұмсаған.

160228110358_policeman_india_640x360_epa_nocreditСурет EPA

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Қайғылы оқиға Мумбайдан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Тхан қаласында болған. Полиция мәліметінше, Варекардың отбасы салтанатты шараға байланысты жиналған. Түнде бәрі ұйқыға жатқан кезде ол қолына пышақ алып келіншегін, баласын, әпкелері мен ата-анасын өлтірген. Сосын өзі асылып қалған.

Түнде айқайлап көршілерін шақырған бір ғана әпкесі өлімнен аман қалған. Есік кілттеулі болғандықтан, ер адам терезені сындырып зардап шеккен әйелге көмек көрсетіп, полицияны шақырған. Әйел пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Өлімнің себептері әлі анықталған жоқ. Варекар салтанатты шаралардың ұйымдастырушысы болып жұмыс істеген.

Талқылау