Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда белсенділердің сиыр өлтірді деп 4 жеткіншекті аяусыз ұрғаны наразылық туғызды

Үндістанда өлген сиыр үшін наразылық туып, митингіге шыққандар бірнеше автобусты өртеп жіберді. Қарсылық барысында бір полицей қаза болды.

pic_f49e4b1cbe7cd70f144d8b531d1d2e87

Сурет: lenta.ru 

Белсенділер әлдебір видео жарияланған соң, көшеге шыққан. Видеода «Сиыр қорғаушылар отряды» әулие саналатын жануарды өлтірді деген күдікпен далиттерді ұрып жатқан.

Роликтен отряд белсенділерінің жалаңаш төрт далитті белдікпен, таяқпен ұрып жатқанын көруге болады. Жергілікті тұрғындар сиырдың өзі өлгенін айтса да, оларға ешкім құлақ аспаған. Тұрғындар балаларлың өлген сиырлардың тек денесін шығаруға сүйреп бара жатқанын айтқан.

Далиттер – Үндістандағы әлеуметтік-діни ортадағы ең төменгі орын алатындар. Олар қоқыс тазалап, балшық, тері жұмыстарын атқарады. Олардың жоғары ортадағы адамдармен араласуына тыйым салынады. Ол үшін далиттерді ұрып, тіпті өлтіріп жазалап жатады.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда сиыр етін тасымалдаушыларды малдың тезегі мен зәрін ішкізіп жазалады

Үндістанда ағалары өлтірмек болған қызды сиыр құтқарып қалды (видео)

Үндістанда бұқа мен сиыр тойына иелері 27 мың доллар жұмсаған (фото)

Талқылау