Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда әйел су перісіне ұқсайтын сәбиді дүниеге әкелді (фото)

Үндістанда әйел адам аяғы бірігіп кеткен сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz.

Хабарланғандай, 23 жастағы әйелдің жүктілік кезінде дәрігерге қаралуға жағдайы болмаған екен. Сәбидің дамуындағы сиреномелия немесе су перісі синдромы аталатын ауытқу тек перзентханада анықталыпты. Сәби дүниеге келгеннен 4 сағаттан кейін шетінеп кеткен.

«Сәбидің ата-анасы жұмысшылар табына жатады. Тұрмыстары нашар болғандықтан, медициналық қызмет көрсетілуіне ақша төлей алмаған»,- дейді аурухана дәрігері Судип Саха.

Дәрігердің сөзінше, мұндай синдром анасының дұрыс тамақтанбауынан немесе қан айналымының бұзылуынан болуы мүмкін.

Су перісі синдромы 100 мың сәбидің біреуінде ғана кездеседі. Әдетте сәбидің бүйрегі мен қуығы дұрыс жетілмегендіктен, сәби тәйлікке жетпей шетінеп  кетеді екен. Алайда аталған синдроммен туылған балалардың бірнеше жыл өмір сүргені де белгілі. Мысалы, АҚШ-тағы Шайло Пепин есімді қыз су перісі синдромымен туылып, жыныс мүшесі және ішектің бір бөлігінсіз 10 жасқа дейін өмір сүрген. Ол 2009 жылы қайтыс болған.

Оқи отырыңыз:

Науқастар Денсаулық сақтау министрін сөзінде тұрмады деп айыптады

Инсульттен қайтыс болған ер адам 3 адамның өмірін құтқарып қалды

Атырауда судьялар сотталушыдан жазасын қысқарту үшін 20 мың доллар мен үй сұраған

Президенттің сынынан кейін шенеуніктер шетел асқан қаржыны қайтаруға кірісті

Талқылау