Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үнді қарбызына жерік болған Ақбота-Нұр жүкті кезінде күйеуін қалай қинаған?

“Брат или брак-2” кинокартинасында басты рөлдегі кейіпкер әйеліне қарап, жүктілік синдромына шалдығады. Фильмді алғашқылардың бірі болып тамашалаған жұлдыздар аяғы ауыр кезінде қандай қызықтар болғанын айтып берді. Мәселен, Ақбота-Нұр үнді қарбызына жерік болып, қыс ішінде күйеуін әуре-сарсаңға салған көрінеді.

Үнді қарбызына жерік болған Ақбота-Нұр жүкті кезінде күйеуін қалай қинаған?

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бірінші баламда да, екінші баламда, мен де шамалы 1-2 айдың көлемінде жеріктік болды. Жемістерге қыстың кезінде жаңағы арбузға, иа біз бүкіл қаланы аралап, жаңағы «индийский қарбызды» әрең дегенде тапқан болатынбыз”,- дейді Ақбота-Нұр Айдарқұлова.

Ақботадан туған тұңғышы үшін аянып қалмағанымен, екінші сәбиіне келгенде Дәурен жалқаулық танытқан.
“Екінші жүктілігімде тоғызыншы айға жақындағанда, жаңағы қалай айтсам болады, құлпынайға жерік болдым. Құлпынайды аламыз дегенше, менің срогым жақындап қалды. Солай босанып қалдым. Сол күйі жеген жоқпын”, – дейді Ақбота.

Сол сияқты Аша Матай да жүкті кезінде орындалмай қалған бұйымтайын ұмытпаған.

“Жерік болғанның өзінде Арманға хабарласқанда, Арман ертен алып келемін дейді. Сосын жарайды деп келісе салатынмын”, – дейді Аша.

“Жолда келе жатып көшеде машинада «Аша тоқташы, тоқташы» деп. Сөйтіп жол бір точкадан, бір точкаға жетеміз деп тоқтап сол ыңғайсыз болатын”, – дейді Арман.

Ал бес баланың анасы Динара Сұлтан келіншектердің екіқабат кездегі еркеліктерін түсінбейді. Себебі өзінің басынан өтпеген.

“Қызық көрем осы әйелдер, ой менде «гармональный сбой» болып жатыр, мен жылаймын, мен күлемін, мен аяғы ауыр болғанда сондаймын деген нәрселерді айтып жатады. Бірақ та менде ондай болған жоқ. Сондықтан шығар, мен осыншама баланы дүниеге әкеліп, қалай айтсам болады жақсы сезінгенім”, – дейді Динара.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр