Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнді дәрігерлері үш жасар қазақстандықты сирек кездесетін аурудан құтқарып қалды (видео)

Сирек кезігетін Вискот Олдрич синдромына шалдыққан 3 жасар қазақстандық Нұрсұлтан Мұрзабековты емдеу үшін америкалық және үнді дәрігерлері донорлар іздеп, соңғы сәттерде ми сүйегі кішкентай Нұрсұлтанға сай келетін жалғыз адам табылған. 63aab396e2b0308266a1495793979f59

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Шетелдік дәрігерлер балаға донорды 5 миллион адам ішінен іздеген. Үміт үзіле бастаған шақта бір Нұрсұлтанға сәйкес келетін бір адам табылған.

Балақайға Вискот Олдрич синдромы деген диагноз қойылған кезде, қазақстандық дәрігерлер еш көмектесе алмайтындарын айтқан.

«Ауру ауыр жағдайда өтеді: Теріде қышыма пайда болады. Нұрсұлтанның иммунитеті де төмендеп кеткен. Тыныс жолдарындағы инфекцияға да шалдыққан. Сондықтан оған үнемі тамыр ішіне кететін антибиотиктерді қабылдауға тура келеді», – дейді үндістандық клиниканың дәрігері Сатья Ядав.

Үнділік дәрігердің айтуынша, мұндай ауруға ұшыраған балалар ең көп дегенде 10 жыл, ал көбінесе 5 жылға дейін ғана өмір сүреді екен. ҚР денсаулық сақтау министрлігі Нұрсұлтанға арнайы квота бөліп, ол анасы екеуі емделу үшін алыс Үндістанға аттанған.

«Баланың ауруын зерттеу барысында, біз оның ми сүйегін ауыстыру керек деген шешімге келдік. Бұл оның организміне жаңа иммундық жүйе береді. Біз оған донорды Нұрсұлтанмен жасты балалардан іздеп едік, табылмады. Сосын біздің дәрігерлер АҚШ-қа сұрау жіберді», – дейд Сатья Ядав.

Бақытқа қарай, донор табылған. Оны клиникаға алдыртып, ми сүйегінің клеткаларын алып, материалды Үндістанға жіберген.

«Операция өте сәтті өтті. Қорытынды анализдер нәтижесінде, жаңа клеткалардың сай келгені анықталды. Енді Нұрсұлтанды толық сеніммен дені сау деп атай аламыз. Бұл таңғажайып оқиға!», – деп ағынан жарылды дәрігер Сатья Ядав.

Гүлмира Матхаликова

Талқылау