Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнді әйелі қызын жыланмен некелестірді

Үнді елінің Чхаттисгарх штатында орын алған бұл оқиға естіген жанның есін шығарып, жағасын ұстатып отыр.

20160818230117

Каскела ауылында тұратын 58 жастағы Сапан Сиджха есімді әйел қызын кәдімгі жыланға күйеуге берген. Оның айтуынша, әйелдің күйеу баласы Ичха Наг (индуизм сенімі бойынша ара-тұра адам бейнесіне енетін жылан) көрінеді.

Сапан мен қызы Анитаның айтулары бойынша, оған түсінде әлгі жылан келіп, «Наглок жылан әлеміне еріп жүруін» бұйырған екен. Ол жерде қыз екеуінің некелесетінін айтқан.

Болған оқиғаны естіген жергілікті тұрғындар Сапан Сиджханың үйіне қарай ағылған. Дүйім жұртты дүрліктірген «жылан жігіттің енесі» жұрт көзінше қызының маңдайына қызыл бояу жағып, синдур рәсімін өткізіп те жіберген екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ауғанстанда 60 жастағы имам жасырын түрде 6 жасар қызға үйленген

Әйеліне ерегіскен кувейттік бірден төрт қызға үйленді (фото, видео)

Үндістанда бес жасар қызды тұрмысқа берді (видео)

Талқылау