Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы өзенінде сел жүрді

Үлкен Алматы өзенінде қысқа уақытқа сел жүрді. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 

55555

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мәліметтері бойынша, 2 шілдеде сағат 17:23-те Бостандық ауданындағы Құмбел өзенінің сағасында қысқа уақытқа сел жүрді, оның жиілігі  секундына 6 текшеметрге жетті. Үлкен Алматы өзенінің аңғарын сел шайып жіберген жоқ, судың деңгейі көтеріліп, лайланды.

Осыған байланысты Алматы ТЖД Алмаарасан плотинасынан жоғарыда орналасқан халықты және барлық нысандарды хабардар ету жөнінде шешім қабылдады. Алматы ІІД-мен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес жергілікті полиция қызметінің патрульдік экипаждары іске қосылды, сонымен қатар Алмаарасан шатқалы бағытына демалушылардың баруын уақытша шектеу ұйымдастырылды.

Халықты хабардар етуге Алматы қаласының ТЖД-дан  – 15 адам, «Қазселденқорғау» мекемесінен- 2 адам,Алматы қаласының «Құтқару қызметі» кәсіпорнынан 10 адамнан құралған 2 экипаж, ІІД-нен 12 экипаж бен жеке құрамның 24 адамы жұмылдырылды, техника әзір тұр.

Қазіргі кезде Үлкен Алматы өзеніндегі судың деңгейі тұрақталды.

Қаланың ТЖ департаменті Алматы облысының өзендерінде таяудағы тәуліктерде су тасқыны қалыптасуымен байланысты тұрғындар мен қонақтардың таулы жерлерге барудан бас тартуларын сұрайды.

Талқылау