Үкімет жолдаудағы міндеттерді атқаруға кірісіп кетті

Президенттің халыққа жолдауында айтылған міндеттердің орындалу үшін Үкімет басшысы министрлерді жинап, атқарылатын істерді айқындап, міндеттерін бөліп берді. Тіпті, Еңбек министрлігі президенттің тапсырмасын орындауды бастап кетті. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

“Жаңа жолдау Елбасының 2017 жылы жариялаған Қазақстанның 3-ші жаңғыруы атты тұғырнамасын одан әрі дамытады. Мақсатымыз өзгеріссіз қала бермек”, -деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Әсіресе, Ұлттық банкке артылған жұмыс көп. Өйткені, президент Қлттық банкке даулы несие мәселесін шешуге тапсырма берген еді. Олар Қазақстанның миллиардтаған қаржысы шетелге шығып кетпеуін қатаң бақылауы тиіс. Өйткені, қазақ байлары тапқан табысын офшорларда жасыруға әуес. Бірақ, мұндай қаржылық операцияларды бақылап, тосқауыл қоюға Ұлттық банктің осы уақытқа дейін мүкіндігі болмаған, енді олардың құзіреті кеңейеді.

“Ұлттық банк құзыретін арттыру үшін қазір заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Құжат күшіне енсе, қаржыны бақылау күшейтілмек. Әрі Қазақстаннан ақшаның заңсыз шығуына жол бермейді”, -дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Бұған дейін, Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін сынға алған еді. Президенттің сынынан кейін, министр Тамара Дүйсенова Қазақстан азаматтарының мәртебесін анықтап шықты.Министрлік өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың мәртебесін анықтап, белгілі бір топқа қоспай келген. Енді кемшілікті түзедік дейді министр.

“18 миллион адамды ақпараттық жүйелер арқылы толық статусын анықтап шықтық. 5,5 миллион адамның статусы жоқ болатын. Жергілікті әкімдіктердің көмегімен барлығының статусын анықтадық. Қазір 500-ден азамат елімізден шығып кеткен, қайтыс болған азаматар бар, студент азаматтар бар солардың статустарын қажетті министрліктер қарап жатыр”, –деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Ал, қаржы министрі құжаттағы міндеттерді іске асыру үшін бюджеттен ақша бөлінгенін айтты. Мәселен, ұстаздардың жалақысын өсіру үшін бюджеттен 70 миллиард қарастырылған. Енді Елбасының осы жолдауына сай Экономика министрлігі жоспар құруы тиіс. Ол үшін Тимур Сүлейменовке екі күн уақыт беріліп отыр. Сөйтіп, маңызды құжатты министр сенбі күні Үкіметке таныстыруы қажет.

Тағы оқыңыз:

Мұғалімдердің жалақысын көтеруге қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

Вице-министр жаңа жәрдемақының қанша теңге болатынын айтты

Коммуналдық қызмет ақысының қымбаттау себебі белгілі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар