Үкімет жасанды ұрықтандыруды тегін медициналық көмектің тізіміне кіргізбек

Жұма, 10 Қараша , 2017 22:20

Елімізде ЭКО арқылы дүниеге келген сәбилердің саны еселеп артуы мүмкін. Үкімет жасанды ұрықтандыруды тегін медициналық көмектің тізіміне кіргізбек,-деп жазды КТК арнасы.

Сәйкесінше, жыл сайын бөлінетін квота да көбейеді. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бала сүйе алмай жүргендерге көмек міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асқан күннен басталады. Өйткені, ЭКО ға мұқтаж жандардың саны өте көп дейді мамандар.

Астаналық Махаббат Райымбекова ЭКО арқылы құрсақ көтеріп, екінші баласын күтіп жүр. Айы-күні де жақындап қалған. Дәрігерлер екі аптадан кейін босанасың депті. Қазір 28 жастағы келіншек перзентханаға өзімен бірге алып кететін заттары мен сәбидің киімдерін дайындап отыр.

«Екі жыл бұрын екінші бала тууды жоспарладым. Астаналық клиника 10 жұпқа байқау арқылы тегін сертификат таратты. Біз жеңімпаз жұптардың қатарында болдық. Сөйтіп, ақысыз ЭКО жасаттық. Ал Астанада жасанды ұрықтандыру 1 миллионнан 3 миллион теңгеге дейін жетед»,-дейді  Астана қаласының тұрғыны Махаббат Райымбекова.

Махаббат 5 жастағы тұңғышын да дәрі-дәрмектің көмегімен көтеріпті. Енді перзентке зар болып жүрген жұптарға жылына кем дегенде бір рет тегін ЭКО жасауға мүмкіндік беріледі. Бар шығынды міндетті медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алады. Қазір жылына  900 адамға ақысыз ЭКО жасалады екен.

«Бүгінге дейін 1.532 бала мемлекет есебінен тегін дүниеге келді. Яғни, квотамен ЭКО жасалған. Оған бюджеттен 3 миллиард 890 миллион теңге жұмсалды. Қазір диспансерлік тіркеуде 14 мыңнана астам әйел, мыңнан астам еркек «бедеу» деген диагнозбен кезекте тұр»,-дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Бұл жылына 20 мың жұп бала сүйе алмай, дәрігердің алдына келеді деген сөз. Ал бюджеттен бөлінетін квота өте аз.

«Жылына 9 мың адамға ЭКО жасау керек. Ал бюджеттен 900 квота бөлінеді. Сұраныс он есе жоғары. Әсіресе, ауылдардағы әйелдерге айтарым, дерк езінде тексеруден өтіңіздер.  Дәрігер бедеусің деген диагноз қойса,  міндетті түрде квотаға кезекке  тұру керек»,-дейді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті Алмагүл Ахметова.

Дәрігерлер бала сүйгісі келетін жұптарға ең бастысы уақытты өткізіп алмауға кеңес береді. Қазір Қазақстанда жасалған ЭКО-ның 40 пайызы сәтті шығады екен. Көрсеткіш бұдан да жоғары болар еді, егер әйелдер жасанды жолмен ұрықтандыруға өте кеш келмесе.

Негізі, ЭКО-ны 30 жасқа дейін жасаған дұрыс. Ал 40-тан асқанда мүмкіндік азая береді дейді ақ халаттылар. Елімізде бүгінге дейін ЭКО-мен 14 мыңнан астам бала дүниеге келіпті. Алғашқы сәби 21 жыл бұрын туған. Қазақстанда жасанды ұрықтандыру құны 900 мың теңгеден басталады.

Қазір ерлер арасындағы бедеулік те артыпты. Отбасылардың ұрпақсыз қалуына жігіттердің белсіздігі себеп. Ер-азаматтарға да квота бар. Ал Денсаулық министрлігі келесі жылдан еліміздегі ЭКОмед клиникалардың құрылғылары, мамандардың біліктілігі жайлы ақпарат жинап, ортақ базасын жасамақ. Сонда науқас әр медициналық мекеменің мүмкіндігіне қарай өзі таңдау жасайды. Сәйкесінше, бөлінген квота да клиенттің соңынан сол клиникаға аударылады.

Оқи отырыңыз:

Фарида Жолдасова армандаған махаббаты туралы бар сырын айтты

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Белгілі сықақшы Михаил Задорнов қайтыс болды

Алматы әкімі 500 теңгеге қай жерден тамақтануға болатынын айттыҚазақстанда күдіктіні қамауда ұстау мерзімі қысқармақ

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Баланың руы белгісіз кімнің ұрығы екені белгісіз. Ақыры не болад оның. Ұрықты кімнен алғанын кім біледі?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар