Үкімет жалға берілген жерді бүлдіргендерден оны тартып алмақ

Сәрсенбі, 4 Мамыр , 2016 22:26

Жалға берілген жерді бүлдіргендер жазаланады. Тіпті ескертуді елемегендерден жер тартып алынбақ. Үкімет ұлтарақтай жердің әр пұшпағын қатаң бақылауда ұстаймыз деп сендіріп отыр, – деп хабарлайды ктк арнасы.

сурет

Яғни, шенеуніктер саудаға түсетін жер телімдерін әрбір 5-7 жыл сайын мұқият тексеріп тұрмақшы. Егер инвесторлар жалға алған шұрайлы жерлерді дұрыс игермей, құнарлығын жоғалтып жіберсе, Қазақстанның келісім-шартты бұзып дереу қайтарып алуына қақы бар. Қара жерді аукцион арқылы сатып алатын отандастарымызға да талап осындай. Бұдан бөлек, 25 жылдан кейін шетелдіктерге жерді жалға алу мерзімін ұзартуға рұқсат берілмейді екен.

«Құрамындағы фосфор мен калий азайса, беткі қабаты 5 см-ге дейін шайылып кетсе, арам шөп өссе. Оған бірінші айыппұл салынады. Егер тексеру барысында кемшіліктер жойылмаса, ол жерлер сот арқылы мемлекет меншігіне айналады», дейді ҚР ҰЭМ жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Самат Сәрсенов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар