Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуге дайын емес

Шенеуніктер апаттан келген шығынның нақты көлемін әлі білмейміз деп отыр. Сондықтан судың деңгейі басылған соң ғана шығынды есептеуге кіріспек, деп хабарлады КТК.

20170416132500

Фото: ҚазАқпарат

Жалпы, биыл тасқынның алдын алуға және оның салдарын жою үшін жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаржы қираған үйлер мен жолдарды қалпына келтіріп, мал-мүліктің орнын толтыруға жұмсалады.

Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында мыңннан астам баспана судың астында қалды. Қауіпті аймақ қатарына Шығыс Қазақстан облысы да қосылуы мүмкін. Ал тасқын салдарынан қазір үш өңірде: Қарағанды, Жезқазған, Қостанайда жол жабық.

“Су тасқыны салдарынан облыстық жолдарға да зиян келді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық жолды байланыстырып тұрған көпір құлады. Бірқатар республикалық трассаларда қозғалыс тоқтатылды”, – деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.

Бұған дейін Ақтөбеде болған су тасқынынан 579 үй қирап қалғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ақмола облысында тасқын судың балалар мінген автобусты ағызып әкеткені де жарияланған.

Оқи отырыңыз:

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Оңтүстік тұрғыны 2 млн теңгеге «ЭКСПО» билетін  сатып алды

ОҚО-да 47 жастағы ер адам өзіне жар іздеп жүр

Башқұрт қызы: Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытатын ұстаз болуды армандаймын

Талқылау