Үкімет қымбат баға қойған әуекомпанияларын бақылауға алды

Қазақстан үкіметі билет құнын қыматтатып тастаған әуекомпанияларды бақылауға алды, деп хабарлайды КТК.

Ұлттық экономика министрлігі билет бағасын анықтап көрмек. Алайда тексеріс келесі жылы ғана басталады.

Ведомство тариф құрылымын тексеріп, қандай заңбұзушылықтар болғанын анықтамақ. Ұшақ билетінің құны жайлы мәселені сенаторлар көтерді. Олар соңғы жылдары  әуетасымалдаушылардың мерекеге қарай билет құнын қымбаттатып тастайтынын алға тартты.

Компания өкілдері депутаттардың сауалына қатысты”жанар-жағармай өнімінің қымбаттап жатыр” деп жауап берді.

Ал, министрлік елде керосиннің көрші елдерге қарағанда арзан екенін айтты.  Депутаттар антимонополиялық заңның дұрыс орындалмай жатқаннын ескертуде.

“Біздің әуекомпанияларымыз динамикалық бағалау деген жүйені ұстанады. Ол қандай да бір ауырлықтан туып отыр. Келер жылдың алғашқы тоқсанында бұл мәселені анықтаймыз. егер қандай да бір заңбұзушылықтар болса, ретке келтіреміз”, – дейді Тимур Сүлейменов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар