Үкімет 8 миллиардқа жуық теңгені тағы игере алмаған

Жұма, 17 Маусым , 2016 7:33

Кеше Сенатқа былтырғы бюджеттің игерілуі туралы есеп беру үшін Министрлер кабинетін вице-премьер Дариға Назарбаева бастап келді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

efef

Сурет nashaplaneta.su

Көрсеткіштер бұл жолы да көңіл көншітпейді. Себебі 8 миллиард мүлдем игерілмей, шотта бос жатып қалған. Ал 459 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған. Қолда бар ақшаны ұқсата алмағандықтан, 64 әлеуметтік нысан, яғни, мектеп, аурухана, тұрғын үй салынбай қалған.

Үкімет былтыр мемлекеттік кірістің жоспарын да орындай алмапты. Сенаторлардың сын-ескертін мұқият тыңдап шыққан Назарбаева, қарамағындағыларын қатаң бақылауға уәде берді.

“Қателіктер бар, оны мойындаймыз. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын қадағалау үшін қоғамдық кеңес құрылды. Яғни, тәуелсіз сарапшылар енді бюджет қаржысының игерілуіне емес, нәтижесіне қарай бағалайтын болады. Сондықтан 2016 жылғы бюджеттің есебі әлдеқайда сапалы болады”, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар