Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйлену тойында күйеу жолдасты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

2016 жылдың желтоқсанында 37 жастағы Бахадүр Файзиевті өлтіріп кеткендерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы TVK хабарлады.

Оның өліміне ағайынды Әбеновтер мен Бақытжан Қошқаров кінәлі деп танылған еді.

2016 жылдың 25 желтоқсанында Бахадүр Файзиев Мақтараарал ауданы Дархан ауылына досының той алдындағы көңіл-көтеру жиынына келді. Қалыңдықты апарғаннан кеін, Файзиев Әбеновтердің бірімен сөзге келіп қалған.

“Олардың келіспей қалуына 2013 жылдан бері Әбенов пен Файзиевтердің отбасы арасындағы дау себеп болған. Нәтижесінде, екеуі төбелесіп,  Файзиев бірнеше жерден пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтып алды”, – деді мамандандырылған ауданаралық соты.

Оқиға болған күні Шавкат Әбенов ұсталды. 2017 жылдың 9 тамызында Расул Әбенов пен Бақытжан Қошқаровты тұтқындау туралы шешім шықты. Тергеу нәтижесінде, Ағайынды Әбеновтердің тойда кісі өлтіргені дәлелденді. Бақытжан Қошқаровтың кінәсі толық дәлелденбегендіктен сот залынан босатылды.

“Шавкат пен Расул Әбеновтер  15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар зардап шеккен тарапқа моральдық зиян келтіргені үшін – 3 млн теңге, материалдық шығын келтіргені үшін –  2 млн. 429 мың теңге көлемінде ақы төлеуге міндеттелді. Бақытжан Қошқаров кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды”, -деді сот.

Сот аяқталысымен қайтыс болған Бахадүр Файзиевтің туыстары сот шешіміне қанағаттанбай, кінәлілер жеңіл жазамен құтылып кетті деп дау шығарды. Енді олар сот шешіміне қайтадан арызданбақшы.

Тағы оқыңыз:

Теміртаулықтар Әлия Назарбаеваға петиция жолдамақ

Имам: Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқыған әйелдердің әрекеті – нағыз әртістік

16 жастағы қыз шашымен көлік сүйреді (видео)

ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық азғындық көрсеткен жеткіншек сотта ақталып шықты

Талқылау