Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйде мүлде қырады: Мерекенің күйеуі өзінен үлкен келіншегінің мінезі туралы ашық айтты

КТА ойыншысы Мерекенің күйеуі өзінен 6 жас үлкен келіншегі туралы айтып берді. Жұбайының сахнадағы образы мен үйдегі болмысы екі бөлек екенін айтқан Әрсен: «Мереке сахнада еркекшора», – дейді.

КТА ойыншысы Мерекенің күйеуі өзінен үлкен келіншегі туралы: Үйде мүлдем қырады

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мереке ақжарқын, сахнадағыдай емес. Мереке сахнада – еркекшора. Сахнада айқайлап, ұрсып, жан-жағын қырып тастайды. Ал үйде олай емес. Үйде мүлдем қырады, көмектесіңдер маған», – деп әзілдеді Әрсен.

Айта кетсек, бұған дейін Мереке күйеуі жалыққан жағдайда, оған тоқал алуға рұқсат беретінін айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау