Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үтіксіз-ақ киім қыртысын жазуға болатын 9 әдіс

Мақаламызда үтіксіз-ақ киім қыртысын қалай жазуға болатынын айтып өтпекпіз. Осы мақсатта назарларыңызға қарапайым 9 әдісті ұсынамыз.

36DC2FBB00000578-3722847-Bogged_down_-m-6_1470288733640

Шашқа арналған үтік

Шашқа арналған үтікті орташа қыздырып, киімнің қыртысын жазуға болады. Алдымен үтікте шаштың бар-жоғын тексеріп алыңыз. Ол киіміңізді бүлдіруі мүмкін. Сондай-ақ, шаш үтігімен деликатты маталарды үтіктемеңіз.

Су мен сірке суы

Ақ сірке суын судың 1/3 бөлігіне құйыңыз. Қоспаны бүріккіш бөтелкеге құйып шайқаңыз. Қоспаны киімге бүркіп қыртысын жаза аласыз.

Шәугім буы

Шәугімті пешке қойып, қайнағандағы буына киімді төсеп тұрығыз. Киімді будан 20 сантиметр қашықтықта ұстаңыз.

Фен

Фенді де будың орнына пайдалануға болады. Фенді ең жоғарғы темпертурада қыздырып, киімнің қыртысына желдетіңіз.

Душ буы

Душтағы ыстық суды ағызып, киімді соның қасына іліп қойыңыз. Тек оның су болып қалмауын қадағалаңыз. Барлық есік-терезелерді жабуды ұмытпаңыз. Бөлме іші буланғанда киімнің қыртысы жазылады. Немесе өзіңіз душ қабылдар кезде қыртыс киіміңізді душ ішіне іліп қойыңыз. Осылайша уақытты да тиімді пайдаланасыз.

Дымқыл орамал

Киімді тегіс тақтай не үстелге қойып үстіне дымқыл орамалды жабыңыз да қолыңызбен қыртыс жерін басыңыз. Осыдан соң киімді аздап кептіре тұрыңыз.

Кір жуғыш машина

Киімді кір жуғыш машинанаға салып, оны кептіруге қосыңыз. 15 минут уақытты таңдаңыз. Егер киімнің қыртысы көп болса, онымен бірге кішігіріп дымқыл киімді бірге салып жіберіңіз.

Кострюль

Темір кострюльге су құйып қайнатыңыз. Қатты қайнаған соң, суын ағызып тастап, ыдыспен киімді үтік секілді үтіктеңіз. Егер дұрыс пайдалансаңыз, ыстық кострюль де қыртысты жазады.

Мұз

Кір жуғыш машинаны кептіруге қосып, ішіне қыртыс киіммен бірге бірнеше киім салыңыз. Онымен қоса 4-5 тал мұз салып жіберіңіз. 10 минуттан соң қиімнің қыртысы толық жазылғанын көресіз.

Жіберіп алмаңыз:

Дәмі тіл үйіретін жұмыртқаны қуырудың 9 әдісі

Аяқ киімді тазалаудың оңай әдісі

Суға түсіп кеткен қалта телефонын қалыпқа келтіру әдісі табылды

Талқылау